Қарағанды облысының мұражайлары 487450
Қарағанды облысының тарихи-өлкетану мұражайы
Қарағанды қ., Ербуаев к.,38 тел: 8 (7212) 56-48-62, 56-58-89 e-mail: [email protected]
Облыста алғаш рет мұражай политехникалық деген атаумен 1932 жылы 7 қарашада ашылған. 1938 жылы облыстық өлкетану мұражайы деп аталып,тарих, табиғат бөлімдері ашылған. Жаңа заманға сай мұражай ғимараты 1979 жылы қолданысқа берілді. Жаңа экспозицияның архитектуралық-шығармашылық шешімімен Ленинградтық шығармашылық қоры айналысты.
Мұражай қорында 141 608 астам жәдігер қойылған. 4 бөлім жұмыс жасайды: жалпы тарих бөлімі, археология мен этногарфия, жаңа заман тарихы бөлімі, қорлар бөлімі, экскурсиялық-бұқаралық бөлімі, сондай –ақ ежелгі Қазақстан халқының «Бабалар бейнелері»атты компьютерлік реконструкциялық-анимациялық залы, «Dolby digital» тарихи фильмдер кинозалы бар.
Жезді с. балқыту ісі мен тарихы мұражайы
Жезды с., Ұлытау ауданы, Қожабай к., 4, тел: 8 (71034) 2-19-33, 2-19-91 e-mail: [email protected]
Мұражай 1988 жылы ашылған. Жалпы ауданы 43 782 ш.м., оның 38595,59 ш.м. ашық аспан астындағы жәдігер. Бұл Орталық Қазақстандағы тау жынысының және металлургиялық өнеркәсібі тарихын зерттеу бағытындағы жалғыз мұражай. Мұражай қорында 14 835 астам жәдігер сақталған. Үш көрсетілім залы жұмыс жасайды, жез балқыту пештерінің макеттері қойылған, мыңға тарта сирек кездесетин және бағалы жәдігерлер мен тау жыныстарының үлгілері жиналып қойылған
Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы
Теміртау қ., Металлургтар даңғ., 28/4 тел: 8 (7213) 93-30-07
e-mail: [email protected]
Мұражай 1972 жылы ашылған. Жалпы ауданы 1200 ш.м. Мұражайда10 экспозициондық зал, көрме залдары, шығармашылық салон бар. Қорда 19 367 жәдігер сақталған. Бөлімдері: «Палеонтология», «Археология», «туған өлке табиғаты», «Нумизматика» және т.б.
Балқаш тарихи-өлкетану мұражайы
Балқаш қ., Ш. Уәлиханов К.,12 тел: 8 (71036) 6-59-70, 6-59-30
e-mail: [email protected]
Мұражайдың жалпы ауданы 1443,3 ш.м. Мұражай 1970 жылы ашылған. Мұражай тіркеу-сақтау, жинақтау, ғылыми-зерттеу, экспозициялық және ағарту жұмыстарымен айналысады. Мұражай қорында 41 284 астам жәдігер сақталған.
«Саяси қуғын-сүргін құрбандары рухына арналған Долинка селосындағы» мұражай
Долинка с., Школьная к.,15 тел: 8 (72156) 5-82-22
e-mail: [email protected]
Қарлаг (Қарағанды еңбекпен түзеті лагері) один из крупнейших исправительно-трудовых лагерей в 1931-1959 жылдары КСРО –ның НКВД ГУЛАГ-ының қоластына қараған ең ірі еңбекпен түзету лагерлерінің бірі. 1940 жылы Карлаг территориясының аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 300 шм, шығысынан батысына дейін 200 шм. құраған.
Мұражай Президенттің тапсырмасымен 2002 жылы Карлагтың бұрынғы «Ерікті жалдамалы жұмысшылары емханасы базасы аумағында құрылған. 2006 жылы мұражай балансына бас басқарма ғимараты қолданысқа берілді. Ғимараттың жалпы аумағы 166,9 ш.м. құрайды. « Саяси қуғын-сүргін құрбандары рухына бағышталған» мұражайдың мақсаты мен міндет»: – зерттеу, жүйеге келтіру, Карлаг тарихындағы ескерткіштерді зерттеу және сақтау.
Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы
Қарқаралы қ., Ленин к., 34 тел: 8 (72146) 3-22-29,
e-mail: [email protected]
Мұражай 1974 жылы ашылған. Жалпы ауданы – 590 ш.м. Қазіргі уақытта мұражай қорында 7 923астам жәдігер сақталған. Олардың ішінде атақты адамадар туралы тарихи материалдырдың түпнұсқалары – Қарқаралы ауданынан тумалары Мәди Бапиұлы, Н. Нұрмақов және т.б . бар. Мұражайдың екі бөлімшесі бар: Егіндібұлақ селосындағы өлкетану мұражайы мен М.Мамыраев атындағы шаруа қожалығындағы К.Қуанышбаев атындағы мұражай.